Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ЖОО-Дағы Студенттердің Оқу Үрдісіне Әсер Ететін Факторлар

Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің оқу үлгерімін көтеру бүгінгі күнде өте актуальды мәселе. Жақсы үлгерім – білім бағдарламасының кемеліне жетіп меңгерілгендігі жайлы куәлік етсе, екінші жағынан қоғамда сұранысқа ие болатын білікті маман даярлаудың кепілі болмақ.Білім алу мотивациясын қалыптастыру заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Білім алу мотивациясының қалыптасуы оқу орнындағы алғашқы күндерден басталады, ал оның нәжелілігі мотивацияның құрлымы мен күшіне байланысты. Студенттердің білім алуға деген мотивациясына әсер ететін факторларды, жоғарғы білім алудың нәтижелілігін арттыру тұрғысынан зерттеу маңызды болып табылады. Зерттеу жұмысына Алматы қаласындағы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, жалпы медицина факультеті, 4 курс студенттері арасында 150 студентке ерікті негіздегі сауалнама жұмысы жүргізілді.Сауалнамаға 20 мен 22 жас аралығындағы, 60% -90 әйел адам және 40% -60 ер адам қатысты.Зерттеуді жүргізу барысында студенттерге кәсіптік, коммуникативтілік және әлеуметтік бағыттар 93,3% (140) үлкен маңызға ие екендігі анықталды, әйелдерде 90-нан - 81 (88,8%) коммуникативті және кәсіби бағыты маңызды болса, ал 60 ер адамнан - 50 (83,3%) әлеуметтік және кәсіби бағыт маңызды екендігі белгілі болды.Аталған оқу орнына түсулеріне жетелеген негізгі себептерге: ата-ана кеңесі –6,6 %, мамандыққа қызығушылық - 63,3 %; оқу орнының танымалдылығы – 13,3 %; 16,5 % таңдау кезінде «бәрібір» болғандығын айтады. Сауалнамаға қатысушылардың 80 %өз мамандықтарына көңілі толатындығын айтса,қойылған сұраққа 10% жауап беруге қиналады.Егерде студенттерге қайта таңдау мүмкіндігі берілсе, олардың аталған оқу орнына түсулеріне жетекші себептер келесілер болмақ: болашақта жұмыспен қамтылу мүмкіндігі – 36,6 %, мамандыққа деген қызығушылық – 83,3 %, жақсы табыс–26,6 %, мамандықтың (оқу орнының) танымалдылығы – 14%, ата-ана кеңесі – 6,6 %. «Сізге білім алу мен жұмысты қатар алып жүруге тура келе ме?» деген сұраққа, «иә» 50,6% (76), «кейде» 32% (48), жұмыс істемейтіндер - 17,3% (26) студенттер құрады. 82,6% ( 124)студенттерден: 46,7% (58) медицина саласында, соның ішінде 25,8% (32) өзінің болашақ мамандығына сәйкес, және мүлде басқа салада жұмыс жасайтындар 27,4% (34) құрады. Сауалнамаға қатысушылардың ішінде ғылыми- тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысушылардың үлесі 70%(105) құраса, қалған 30% (45) мұндай шараларға мүлде қатысып көрмеген. Университеттің спорттық сайыстарға 60% (90 студент) қатысқан.



Keywords
Білім алу мотивациясының құрылымы,

References

Advanced Search


Announcements


Address :Russian Science Academy Mahaçkala / Russian Federation
Telephone : Fax :
Email :ssssjournal@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri