Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


Орта Азия Мен Түркиядағы Ұлт-Азаттық Қозғалыстарының Ұқсастықтары Және Ерекшеліктері

Орта Азия мен Түркиядағы ұлт-азаттық қозғалыстары арасында үлкен тарихи сабақтастық оқиғалар және саяси бірізділіктер көптеп кездеседі. Орта Азия мен Түркияның ұлттық интеллигенция өкілдерінің мемлекеттік басқару жүйесіне наразылығы жөнінде ортақ көрініс тапты. Бұл наразылықтың басты талаптарында қоғамды жаңартудың міндеттері мен бағыттарын және тәсілдерін таңдаған нақты іс-әрекеттері де ұқсас болып шықты. Мысалы, Түркістандық жәдитшілер мен Түркиялық жастүріктер ортақ сипатта жаңа білім беру жүйесін енгізу, өндірістегі жаңа технологияларды насихаттау, ағартушылық қозғалысты жаңашыл қағидаларға сүйеніп негіздеуге және оны іске асыруға ұмтылды. Екі қозғалысты да өз дамуындағы ерекшеліктерінің болуына қарамастан дамыған мемлекет құру идеясы біріктірді. Бұл қозғалыстарды өз отанына құрмет сезімін сақтауға, адам құқықтарының сақталуы, мәдениеттің дамуына еркіндікті қамтамасыз етуге, аграрлық мәселені шешуге, әлемдік аренаға шығуға, Еуропа және Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастық орнатуға ұмтылған қозғалыс деп атауға болады. Түркиялық жастүріктер және Орта Азиялық (Түркістан) ұлт-азаттық қозғалыстарының әлеуметтік құрылымы да ұқсас болып шықты. Екі қозғалыстың да әлеуметтік негізі ортақ сипатта болды. Бұл жағдай олардың саяси алауыздығына өзек болып, ортақ күрестен алаңдатқан жағдайлар да кездесті. Жәдиттік және жастүріктер қозғалысындағы бұндай ұқсастықтың мынадай себептері болды. Біріншіден, ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. бас кезінде Батыс державаларының экономикалық, саяси және мәдени басқыншылығына қарсы бұхаралық қозғалыс ретінде түрікшілдік және мұсылмандық ұлтшылдық идеяларының кең тарап, отаршылдыққа бағыт алуы. Екі қозғалыстың ұқсастықтарының басты белгілерінің бірі жастүріктер қозғалысының Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына едәуір дәрежеде ықпал жасауы баяндалады.



Keywords
Орталық Азия, Түркия, Түркістан

References

Advanced Search


Announcements


Address :Russian Science Academy Mahaçkala / Russian Federation
Telephone : Fax :
Email :ssssjournal@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri