Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


Қазақстандық Студент Жастардың Жаңашылдық Сапасын Қалыптастырудың Педагогикалық Негізі

Бүгінгі уақыттағы технологиялардың қарқынды өзгеріп келе жатқанына байланысты студент жастардың бойында ерекше қажетті кәсібіне қосымша білімдер мен біліктіліктерді қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр, нақтырақ айтқанда, оларда сауаттылықты, біліктіліктерді және дағдыларды, қасиеттерді, сапалар мен қабілеттерді қалыптастыру қажет, олар өз кезегінде маманға кәсіби жылдамдықты, бәсекеге лайықты болуды, әлеуметтік қорғанды немесе кепілдікті қамтамасыз етеді. Бітіруші түлектерге өздері әрекет жасап, жұмысқа орналасу мәселесін өздері шешіп жүргені белгілі, жас мамандардың ең қиын психикалық зақымданатын жағдай бәсекелестіктің жұмысқа орналасуда пайда болатыны көп кездеседі. Объективті себептермен бірге, жас мамандарда өзін-өзі таныстыру қабілетінің төмендігі де саналады. Демек қазіргі кезде Қазақстанда студент жастардың жаңашылдық сапасын зерттеу педагогика ілімінде өзекті болып табылады. Студенттің жаңалықшылдық сапасының құрамын нақты анықтау оқу бағдарламасын мақсатты бағытта мәдениетті тұрғыда өңдеуге, педагогикалық технологиялардың тиімдісін таңдауға, студенттерге шығармашылық білім өнімдерін жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқу материалдарын дәл таңдауға мүмкіндік береді. Қазақстандық жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесін жаңалауға маңызды қадам – бұл болашақ бәсекеге лайықты, креативті маманның тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі дамытуына назарды күшейту болуы керек. Басқаша айтқанда, бүгін креативті психологияның контекстінде бүгінгі күннің маманының өзін-өзі тұлғалық әрі кәсіби салада дамытудың жүйелілік білімдері ерекше өзектіленген. Көптеген зерттеушілер жасөспірімдік және жастық шақ кезеңдер өзінің еркіндігі мен өзінің өмірін жоспарлау қабілеті тұрақты қалыптасады деп есептейді. Бүгінгі кезеңде жастардың психологиясын зерттеу, жас қыздар мен ұлдардың дүниетанымындағы, құндылықтарындағы, өзін-өзі белгілеуіндегі, өмір мәнін іздеудің қалыптасуындағы ерекшеліктерді және тұлғалық дамудың басқа да мәселелерін зерттеу қажеттілігі туады



Keywords
студент жастар тәрбиесі, жаңашылдық

References

Advanced Search


Announcements


Address :Russian Science Academy Mahaçkala / Russian Federation
Telephone : Fax :
Email :ssssjournal@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri