Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


Түркі Халықтары Танымындағы «Уақыт» Мәселесі

Мақалада түрік халқының танымында дүние жаратылысы жөніндегі мифологиялық түсінігі бойынша әлем кеңістігі, күннің батуы мен шығуына орай бөліндісі қарастырылады. Бұндай бөлу қазіргі күнде де мәнісін жойған жоқ. Дүниенің төрт бұрышы деп бөлу осыдан қалса керек. Сонымен қатар, түркі халықтардың танымында уақыт пен кеңістік категорияларына жеті күндік апта, төрт апталық ай, он екі айлық жыл және он екі жылдық мүшел циклдары кіретіндігі тілдік фразеологиялық бірліктер арқылы берілген. Түбі бір түркі тілдерінің негізгі дыбыстық сипаты мен сөздік қорларында, сөздік құрамы мен негізгі тілдік жүйесінде айырмашылықтан гөрі ұқсастықтар мол болуы заңды, туыстас тілдердің өзгеруі, дамуы, қалыптасуы заңдылықтары да ортақ. Осы себепті кез-келген түркі тілінің тілдік даму желісі мен жүйесін, сөздік құрамы мен құрылымының даму заңдылықтарын бір-бірінен оқшау қарастыруға болмайды. Қазақ танымында қалыптасқан, бейнелі тәсілмен дүниеге келген «уақыт» ұғымы әр халықтың өмір тіршілігіне, әдет-ғұрыпына, дүниетанымына байланысты қалыптасқан. Ислам діні кіргеннен кейін діни тұрғыға байланысты айтылатын, уақытты білдіретін өлшемдер қалыптасты. Ол өлшемдер күні бүгінге дейін діни ұстанымдарда, яғни намаз оқу, ораза ұстау т.б. қатысты қолданылады. Осы орайда Бес уақыт намаз: таң (Бамдат) (таң қылаң бере таң намазын оқитын кез), күннің еңкейген мезгілін бесін (бесін намазын оқитын кез) деп атаған, екінді (түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы), Ақшам (күн еңкейіп, ұясына кіруге таяған кез), Құптан (түн уақыты), ораза ұстау: ауыз ашар кез (күн ұясына кіргеннен кейінгі уақыт), сәресі (таңғы уақыт, шамамен сағат 4-5 арасы) т.б. деп күн уақыттарын бөліп қарайды. Бұл тек қазақ ұлтына ғана емес күллі түркі тектес мұсылман халықтар танымындағы уақыт өлшемі. жыл санау түркі тілдес халықтарының жас ұғымымен де тікелей байланысады.



Keywords
Түркі Халықтары Танымындағы

References

Advanced Search


Announcements


Address :Russian Science Academy Mahaçkala / Russian Federation
Telephone : Fax :
Email :ssssjournal@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri