Талай ғасырлар бойында жинақталып, өрбіп, өсіп келген сөздік құрамның арнасы да, аумағы да ұшан теңіз. Сөздік құрам тілдегі мыңдаған, сан алуан сөздерді қамтып, бірнеше салалардан, лексикалық қат-қабаттардан құралған. Сөздік құрамға негізгі сөздік қордағы байырғы сөздермен бірге туынды сөздердің, жаңадан пайда болған сөздердің басым көпшілігі, сондай- ақ арнаулы терминдер, белгілі бір кәсіпке, шаруашылықтың түріне байланысты сөздер (профессионалдық лексика) енеді. Бұдан басқа қазақ лексикасында басқа тілдерден енген көптеген сөздер (араб, парсы, иран, монғол, орыс тілінен ), тарихи қат- қабаттар да бар