«Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарында бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлгені белгілі. Осы салалар қатарынан туризм инфрақұрылымын жасау ерекше орын алады. Туризм саласын дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешуге болатындығы, яғни экономикалық өрлеуде еліміздің дамуы үшін туризмнің қаншалықты маңызды сала екені аталған болатын. Қызылорда облысы Республикамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Әдебиеттерде Республикамыздың оңтүстік батысындағы ұлан ғайыр жерді «Сыр өңірі» деп атайды. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды. Облыс территориясы өте үлкен ауданды алып жатыр. Әсіресе, ол оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, Сырдария өзенінің ағысын қуалай ұзыннан ұзақ 578 шақырымға созылып жатыр. Территориясының көлемі жөнінен Республикада Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысынан кейін төртінші орынды алады.
It is well-known that the strategic plan "Kazakhstan-2030" focuses on promising areas of competitiveness in terms of competitive ability. A particular place is occupied by the development of tourism infrastructure in these sectors. Through the development of the tourism industry, we emphasized not only the structural issues of the economy, but also the issues of employment and poverty, which is why tourism is the most important branch for the country's economic growth. Kyzylorda region is located in the south-western part of the Republic. In the literature there is a great place in the south-west of the Republic called the Syrland. It was created on January 15, 1938. The area of the region is very large. Particularly it stretches from the south-east to the north-west of the Syr Darya River length of 578 km long. It is the fourth largest country in the country after Karaganda, Aktobe, East Kazakhstan region.